Chania
247
01.11.2022
Кубыз, биші «бешбармақ» пен халық әндері

Бүгін Достық үйінде «Азатлык» башқұрт этномәдени орталығы ұйымдастырған башқұрт мәдениеті күні болып өтті.

Іс-шара алдында ғимарат фойесінде БР халық суретшісі, БР және РФ еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Рамиль Кильмаматовтың топтамасынан «Башқұртстан жайлы зор сүйіспеншілікпен» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қонақтар нағыз башқұрт шайы, балы мен ұлттық тәттілерінен дәм татты.

 - Бұл кездесу Қазақстан Президентінің алдағы сайлауы қарсаңында өткізіліп жатқаны өте орынды. Шынында да, бүгінде біз халықтың бірлігін, оның татулығы мен жаңа Қазақстанды құрудағы әрбір азаматтың маңызды рөліне бұрынғыдан да ерекше көңіл бөлуіміз керек, - деп атап өтті «Азатлык»бірлестігінің төрағасы Салават Вальшин өз құттықтау сөзінде.

Мерекеге Башқұртстаннан Сибай концерттік-театрлық бірлестігінің әртістері келді. Келген қонақтар әнші Зария Рысмұхаметованың орындауындағы халық әндерін бірге шырқады. Керемет биші Регина Исянбаева көрермендерге «Бешбармақ» халық биін паш етті. Ильгиз Крымгужин кубызда ойнаудың ерекше өнерін көрсетті. Концерт соңында ол көрермендердің өтініші бойынша курайда да әуен орындады.

Башқұртстаннан келген қонақтарды зор қошеметпен шығарып салып, алда жаңа кездесулерге ниет білдірді.