ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күн! Дәл осы күні 1990 жылы ел егемендігі туралы декларация қабылданды. Аталған құжат Қазақстан тәуелсіздігінің іргетасы болды.
Республика күні – азаматтық келісім мен ұлттық бірлесудің, елдің бүгіні мен ертеңі үшін ортақ жауапкершіліктің мерекесі.
Бүгінде Қазақстан — нарықтық экономикасы қарқынды дамыған, демократиялық қоғамдық құрылымы қалыптасқан және зор халықаралық беделге ие заманауи мемлекет.
Қазақстанның басты тірегі — бірлік пен келісім. Біз күш-жігерімізді біріктіргенде ғана кез-келген міндеттерді жемісті жүзеге асыра аламыз!
Ұлы даламызға құт қонып, Қазақстанымыз өркендей берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, береке мен бірлік мәңгі орнай берсін!