Chania
258
20.10.2022
Мақсат - орманды қалпына келтіру!

 

«Ассамблея жастары» мүшелері Әулиекөл ауданының орманды алқабына 100-ден астам қылқан жапырақты ағаш отырғызды.

Экологиялық акция «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық бастамасын қолдау мақсатында «Бірлік» халықаралық жастар  лагерінің аясында болып өтті.

Балалар мұндай іс-шараларға қатысуды өздерінің азаматтық борышы деп санайтынын айтып өтті, өйткені тек бірге, тату-тәтті болсақ қана елімізді өркендетіп, нығайтуға болады.