Облыстық Достық Үйі этномәдени бірлестіктер төрағалары мен ғылыми сарапшылық топ мүшелерін құттықтап, Отан қорғаушылар күнін атап өтті.
- Бүгін біз өз қауымдарын басқаратын, күнделікті қызметімен Қазақстан халқының бірлігін, келісімі мен бауырластығы маңыздылығын дәлелдеп отырған қадірменді ер азаматтарымызды құрметтеп жатырмыз, - деді өз сөзінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова. – Ұлты басқа болса да, бірақ қалай да болса жеңіске жету деген бір мақсатпен бірігіп Ұлы Отан соғысы жылдары елімізді қорғап қалды. Өскелең ұрпақ осы даңқты әскери дәстүрлерді жалғастырушыларынан үлгі алуы қажет. Қазақстандық армия - тыныштық сақшысы! Бүгінгі сарбаздар бейбіт шекарада қызмет етіп келеді, аналар ұлдарын әскер қатарына алаңдамай жіберіп жатыр. Соғыс оты ешқашан да болмасын, әрқашан біздің ашпанымыз ашық, бейбіт өмір болсын деп, тілеймін!
Сондай-ақ «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қаламқас Сандыбаева, ғылыми-сарапшылық топ мүшесі, ОҚХА мүшесі Александра Суслова, «Бiрлiк» азербайжан ЭМБ жастар қанатының көшбасшысы Зульфия Набиева құттықтау сөз сөйледі.
Концерттік бағдарламада Отан, патриоттық әскердегі қызмет туралы, әрбір отбасында ізін қалдырған соғыс жылдарына арналған әндер шырқалды.
Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі