Қостанай облысы ҚХА «Ассамблея жастары» командасы Қазақстан этностарының музыкалық фестивалінде және мемлекеттік тілдегі көңілді тапқырлар клубында екінші орынға иеленді.
Фестиваль Ұлытау облысында ҚХА «Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасы аясында өтті.
Ортақ мәдени және тарихи құндылықтарды сақтау және мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту жөніндегі бірегей алаңға еліміздің 19 өңірінен мемлекеттік тілді меңгерген жергілікті емес ұлт өкілдерінің 160-тан астам жастары жиналды.
Қостанай облысының атынан Екатерина Гедзур, Анель Пимичева, Владимир Михайлюк, Алена және Артем Блиновтар өнер көрсетті.
Бірінші күні жастарымыз Ұлытау облысының тарихи жерлеріне экскурсияға барып, екінші күні пленарлық отырыста болды, сондай-ақ пікірталас алаңдары, оқытушы шеберлік сыныптары, тренингтер, мотивациялық кездесулерге де қатысты. Үшінші күні жастар Қазақстан этностарының музыкалық фестиваліне және мемлекеттік тілдегі КТК-ға қатысып, жүлделі екінші орынға ие болды.