Қостанай облысының ТЖД Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
- Қазақстан бір шаңырақ астында түрлі этностар бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан аздаған елдердің біріне жатады. Тәуелсіздіктің бірінші күндерінен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің жеріміздегі бейбітшілікті сақтауға үлкен көңіл бөлді, осының арқасында Қазақстан көптеген елдерге келісім және бірлік үлгісі болып келеді деп, - ТЖ бойынша департамент бастығының орынбасары Азамат Өрімбеков айтты.
Қостанайлық құтқарушылардың мерекесіне «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы, республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ринад Бектемиров, «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени орталығының төрағасы, республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Эргашвой Холметов және «Эребуни» армян этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Рачуи Геворкян келді. Өздерінің қауымы атынан олар Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтап, халық әндерін айтып, ұлттық билерін билеп берді.
-Біз – түрлі ұлт өкілдері сүйіспеншілік, бейбітшілік пен келісімде, үлкен отбасындай тұрып жатырмыз. Өзіміздің үлгімізді алдыға қойып өсіп келе жатқан ұрпақта өзге ұлт өкілдерін, олардың мәдениетін, дәстүрін, тілін сыйлауға тәрбиелеуіміз керек деп, - сөз сөйлеушілер айтып кетті.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.