Республика күні қарсаңында «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының белсенділері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері «Жаңа Қазақстан» қамқорлығымен «Жасыл қала. Таза табиғат» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Акция аясында балалар КСК ауданындағы аумақтарды тазалап, итмұрын, шетен, мамыргүл сияқты бұталардың бірнеше түрін отырғызды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – біздің сүйікті қаламызды гүлдендіріп, жасылдандыру. Біздің қаламыздың күннен-күнге гүлденіп келе жатқан келбеті - оны сүйетін тұрғындардың еңбегін айқын көрсетеді. Достар, Қостанай қаласының одан әрі дамуына бірге қолдау жасайық!