Chania
222
10.10.2022
МЕКТЕПТЕН ҚАНЖУСЫЗ

10 қазанда Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай қаласындағы №2 мектеп-лицейде 7 «Л» сынып оқушыларына арналған  «Мектеп этномедиациясы және халықтық дипломатия» тақырыбында оқыту семинар-тренингін өткізді.

Спикер - қоғамдық медиатор, Қостанай облысы ҚХА Медиация кеңесінің мүшесі – Гульнара Талгатовна Латыпова медиципя, этномедиация терминдерімен таныстырды.

Іс-шараның мақсаты - қақтығыстарды тиімді шешу дағдылары мен этномедация негіздеріне үйрету.

Іс-шара барысында қатысушылар өз сыныбынан әртүрлі даулы жағдайларды реттеп, шешетін медиаторды таңдады. Балалар келіссөздер жүргізіп, жанжалдарды келіссөздер арқылы шешуді үйренді. Іс-шара соңында белсенді оқушыларға сертификаттар берілді.