Башқұртстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Азатлык» башқұрт этномәдени бірлестігіне ғылыми және көркем әдебиеттерді сыйға тартты.
Бұл сыйлық Башқұртстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Конгресс-бюросының өкілі У.А. Азнабаевтың тікелей қатысуымен жіберілді.
Башқұртстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасына бастауыш сыныптарға арналған башқұрт тілінің оқулықтарын, Мостай Карим, Рашид Шәкүр, Айгиз Баймөхәмәтовтың шығармаларын, Башқұртстан Республикасы бойынша нұсқаулық және басқа да оқу-әдістемеліктер, екі тілдегі көркем әдебиет кітаптарын жолдады. «Азатлык»башқұрт этномәдени бірлестігі Башқұртстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне, сондай-ақ У.А. Азнабаевқа көрсеткен көмегі үшін өз алғысын білдіреді.
Естеріңізге сала кетсек, Қостанай облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығында башқұрт тілін үйрену бойынша «Башҡорт теле» курстары өткізіледі. Аптасына бірнеше рет әр түрлі жастағы адамдар жиналып, башқұрт мәдениетіне қызығушылық танытып, ана тілінде сөйлеседі. Оқу бағдарламасында башқұрт тілінің грамматикасының негіздерімен танысу, әңгімелер мен өлеңдер оқу, сондай-ақ диалогтық сұхбат құрастыру кіреді.