Chania
261
04.10.2022
Беларусь «бастамасы»

Бүгін облыстық Достық үйінің қабырғасында Беларусь позиясы күні болып өтті.


Оқушылар белорус тілінде өлеңдер мен белорус авторларының орыс тіліндегі шығармаларын мәнерлеп оқыды. Өздерінің өлең оқу өнерлерін Тобыл қаласының №1 мектебі және Қостанай қаласының №2 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылары дайындап келді. Барлық оқырмандарға төраға Евгений Сотников қауымдастық атынан алғыс хаттар мен сыйлықтарды табыстады. Кеш соңында Юлия Галичтің орындауындағы  «Небасхіл Еўропы» әні ерекше әсер қалдырды. 


Іс-шара соңында қонақтарды «Беларусь өнімдері» дүкендер желісінің өңірлік директоры Татьяна Новикова ұйымдастырған Беларусь өндірушілерінің өнімдерінен жасалған фуршет күтіп тұрды. Барлық тілек білдірушілер әйгілі ірімшіктер, шұжықтар және басқа да тәттілерден дәм татты. 


Осы іс-шарамен қоғамдастық өз қызметтік жолының басталғанын жариялаған еді. Этномәдени орталыққа сәттілік пен табысты жұмыс тілейміз!