Деген атпен Қостанайда 1 май күні мерекелік фотокөрменің тұсаукесері болып өтті. Оның бастамашысы және ұйымдастырушысы облыстық «Бірлік» әзебайжан этномәдени бірлестігінің жастар қанаты болды.
- Біз бұл идеяның жаңашылымыз деп айта алмаймын, дегенмен, осы интернационалдық отбасылар балаларының фото жобасы біздің облыста әзірге бірінші деуге болады, - дейді әзебайжан қауымының төрағасы Видади Юсубов. – Бұған қатысуға біз он жасқа дейінгі ұл мен қыз балаларды шақырдық. Айта кетсек, өзбек, орыс, белорус, мордовалық тамыры байқалатын ең кішкентай қатысушы Тиона Шереметтің туғанына небәрі 10 ай ғана. Біздің кішентай қатысушылардың әрқайсысы мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі, діні араласып кеткен, ортақ болып қалған көпұлттық отбасында туып өскен. Біз еліміз көпэтносты болғанына мақтанамыз, мұнда басқа мемлекеттерге үлгі болып, достықта, татулық пен бірлікте 100 ұлттың өкілдері өмір сүріп жатыр. Тұқымы араласқан балалар туған әрбір осындай аралас отбасы – бұл кіші көлемді Қазақстан секілді, өткен жылы өзінің жиырма жылдығын атап өткен бірегей Ассамблеямыздың көшірмесі десек те болады. Фотосессиямыз мерекелік қана емес, сонымен бірге тақырыпқа сай болды. Әр баланың қолында біздің өңірдің символына айналған, көктем жаршысының бірі болатын, Қостанай облысының таңбасы мен эмблемасындағы әдемі қызғалдақтар.
Фотокөрмеге барлығы 25 портрет ұсынылды, бұл ел мерекесінің басты мерейтойымен үндесіп жатқандай.
- Біз 16 желтоқсанда ересектер - Тәуелсіздіктің құрдастары қатысатын осындай жобаны іске қоспақшымыз. Барша қазақстандықтарға бейбітшілік, ашық аспан, амандық тілеймін! – деп атап өтті Видади Юсубов.
Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Георгий ШАПОВАЛОВТЫҢ фотосы