Chania
259
30.09.2022
Даналық мерекесі

Облыстық Достық Үйінің шаңырағында этномәдени бірлестіктердің ардагерлері мен ақсақалдарын қарттар күнімен құттықтады.

Үлкендер үшін жайлы бас қосу ұйымдастырылды. Олар үстел басында отырып, хош иісті шай ішіп, мерекелік концертті тамашалады.

Лирикалық әуендер лезгинка, корей биі, қазақтың «Саржайлау» әнімен жалғасты. Қаламыздың аты аңызға айналған музыканты Сергей Кобызевтің орындауындағы әуендер аға ұрпақ үшін  ерекше сыйлық болды.

Іс-шара барысында барлық шақырылғандар алғыс хаттармен, гүлдермен және азық-түлік жиынтықтарымен марапатталды.