Chania
226
29.09.2022
30 жылға ұласқан достық

«Nadzieja» поляк қауымдастығы Қазақстан мен Польша елдері арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған кездесу кешін өткізді.

Спикерлер ретінде А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» ҚБ құрметті мүшесі Қалқаман Жақып және саясаттанушы, тарих ғылымдарының кандидаты Георгий Вишниченко шақырылды.

Кездесу барысында Польшаның маңызды тарихи кезеңдері баяндалып, Қазақстанның түрлі салаларының дамуына зор үлес қосқан поляктардың есімдері аталды.

Соңында қауымдастық төрағасы Виктор Радомский іс-шара қонақтары мен этномәдени бірлестік белсенділеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.