Chania
1119
26.04.2016
Көптілділік – бірігуге қадам

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Көптілділік заманауи қоғамда болашақ мамандарды әлеуметтендіру факторларының бірі ретінде» дөңгелек үстел өтті. Оның ұйымдастырушысы «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ. Іс-шараға ОҚХА хатшылығы, тілдерді дамыту бойынша басқарма қызметкерлері, ОҚХА ғылыми-сарапшылық тобы, студенттер, ЭМБ өкілдері, Назарбаев зиялылық мектебі мұғалімдері қатысты. 
- Үштілдес бүгінгі күні біздің Президентпен қойылған басым міндеттерінің бірі болып табылады. Біздің өсіп келе жатқан ұрпақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және көп тілді игерген болуы тиіс, - деп, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова айтып кетті.
Жоғары оқу орындарының оқытушылары оқу үдерісіне үштілділікті енгізу тәжірибесімен және сабақ беру деңгейін арттыру үшін еуропа ЖОО мамандары шақырылатынын және  Академиялық мобильдік шеңберінде үздік студенттер Шығыс Еуропа ЖОО оқуға мүмкіндігі бар екендігін айтты.
- Биыл үштілділік бағдарламасы бойынша қабылданған екі мамандық бойынша студенттерді шығарып саламыз – олар «аймақтану» және «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету». Біздің түлектер бәсекеге қабілетті мамандар, оған біз сенімдіміз, - деді ОҚХА ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Гүлжан Ерменбаева «Тілдердің үшбірлігі – «Мәңгілік Ел» идеясының бір векторы» атты баяндамасында.  
-2009 жылдан бастап үштілділікті «биология» мамандығы бойынша енгізуді бастағаның және кадрлар дайындау барысында студенттерді тілдер ортасына баулу, оны кеңейту үшін шетел ғалымдарын шақыра бастадық, - деді ҚМПИ ғылыми жаратылыс кафедрасының меңгерушісі Дәмеля Қонысбаева.
- Тіл білімі болашақ талапкерлерге жақсы деңгейде ең алдымен мектептен басталғанын күтеміз. Кейбір оқу орындары мұны жеткізбейді, сондықтан үштілділік мәселесін  бастауыш деңгейде шешу қажет, сол кезде балалар ЖОО өзінің басым білімдерін жетілдіре алар еді, - деп, Қонысбаева қосып айтты.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша көптілдес топтарының студенттері өздерінің тәжірибелері туралы айтып кетті.
ҚМПИ ғылыми жұмыс және шетелдік байланыс бойынша проректоры Еркін Әбіл өз сөзінде: - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты алдағы ЭКСПО-2017 үшін белсенді түрде ерікті адамдарды дайындауға кірісті. Біздің бірінші міндетіміз – мемлекеттік тіл рөлін нығайту, ғаламдық әлем тілі болып табылатын ағылшын тілін кеңінен енгізу, ең бастысы белгіленген жоспарды жүзеге асырудан қалып қоймау, - деп, атап өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қарар қабылданды.


«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі