«Қоғамдық келісім» КММ қабырғасында республикалық славян фестивалі өткізіліп, қазақстандағы этностардың сан алуандығы көрсетілді.
Фестивальге облысымыздың қалалары мен аудандарынан келген вокалдық және би ұжымдары қатысты.
Рудный қ. келген «Айна» ансамблі әртістерінің марий және болгар билері мен Қарабалық ауылынан келген «Забытые мелодии» өнер мектебі вокалдық-аспаптық ансамблінің өнер көрсетулері ерекше әсер қалдырды.
Қазақстанның барлық этностарының дәстүрлерін, тілдерін, мәдениетін сақтау және дамыту Ассамблеяның маңызды қағидаттарының бірі болып қала береді.
Біз бірге жұмылып ортақ шаңырағымыздағы бейбітшілік пен бірлікті сақтай аламыз!