Өткен жексенбі күні Қостанай облыстық Достық үйінде «Эребуни» армян этномәдени бірлестігі және «Қостанай облысының «ГрИн» азаматтық альянсы» ҚҚ ұйымдастыруымен нарды ойыны бойынша облыстық чемпионат өтті.
Мақсаты – ақыл-ойды және стратегиялық ойлауды дамытатын нарды ойындарын кеңірек насихаттау, тұрғындардың қызығушылығын арттыру.
Сайысқа түрлі этномәдени бірлестіктерден 10-нан астам адам қатысып, тартысқа толы ойын көрсетті. 2 орынды Аслан Гарипов, 3 орынды Артур Папоян иеленсе, жүлделі 1 орынға Рудный қаласынан келген Қайрат Утюрбаев лайық деп танылды. Жеңімпаздардың барлығы Грамоталармен және арнайы кубоктармен марапатталды.