Chania
973
22.04.2016
Республикалық Сабантой-2017 Қостанайда өтеді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Татарстан президентіне осындай ұсыныс жасады.

Өңір басшысы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы екі күндік іссапармен Қазан қаласында болды. Қостанай облысының делегациясы құрамында болған «Дуслык» татар-башқұрт ЭМБ төрағасы Ринад Бектемиров  іскерлік байланыстарды нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа жолдарын реттеуге бағытталған осы сапардың маңыздылығын атап өтті.
Қазанда болған күндері Татарстан халықтарының Достық үйінде бару және қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы активімен кездесу айқын сәттердің бірі болды. Бүгінігі күні Татарстан аумағында 1800 қазақ тұрып жатыр, 800 қазақстандық студент Қазанның жоғары оқу орындарында білім алуда.
Кездесу кезінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, - Делегация және мен үшін Қазандағы қазақ диаспорасының өкілдері-біздің отандастарымызбен болған кездесу ерекше орын алды. Сондай-ақ біз Татарстан мен облысымыздағы татар диаспорасы арасындағы байланысты нығайтуды одан әрі жалғастырамыз,- деп атап өтті.
Осыған орай өңір басшысы Архимед Мұхамбетов 2017 жылы Қостанай облысында Татарстан Республикасы делегациясының қатысуымен республикалық сабантой өткізу жөнінде ұсыныс жасады. Бұл бастама Татарстан президенті Рустам Минниахановтың қызу қолдауына ие болды. 
- Біз бұл іс-шараға жете дайындалатын боламыз. Мен қазақтардың этномәдени бірлестігі басқалармен Татарстан халықтарының Достық үйінде тығыз ынтымақстастықта жұмыс істеп жатқанына қуаныштымын. Біз отандастарымызды әрқашан қолдап отырамыз деп, - атап кетті облыс әкімі.
Өз кезегінде Татарстан Республикасы халықтары Достық үйінің директоры Ирек Шарипов, - Татарстан Республикасында қазақ диаспорасы үлкен беделге ие болып отыр. Біздің Достық үйі сіздің елдің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың даңғылы бойында орналасқаны біздің қазақтардың еңбегінің нәтижесі деп, - атап өтті.
Қазақ диаспорасының өтініші бойынша Қостанай облысынан сыйлыққа Қазан қаласына ұлттық киімдер жеткізілді. Ал Қостанай облысы Достық үйінің мұражайы Татарстан Республикасы Достық үйінің барельефі - жаңа экспонатпен толықтырылды.


Пресс-служба КГУ «Қоғамдық келісім» акимата Костанайской области»