Chania
234
14.09.2022
TownHall форматында Жолдауды талқылау

Қостанай облысының этномәдени бірлестіктері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.

Аталған кездесу облыстық Достық үйінде өтті.

Арнайы шақырылған спикер ретінде–  Нұр-Сұлтан қаласы «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі (Нұр-сұлтан қ.) Шерзод Полатов сөз сөйледі.

Сондай-ақ жиналғандар алдында облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері сөз сөйледі. Кездесуге шақырылған жастар Жолдаудың негізгі ережелеріне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, аталған құжаттың қазақстандық қоғамды дамытудағы жоғары рөлін атап өтті.