Қостанай облысы ҚХА Аналар кеңесінің шотында 8 күн ішінде дәл осы сома жиналды.
Бұл қаражаттың барлығын Әулиекөл ауданының өрттен зардап шеккен тұрғындары үшін жанашыр қазақстандықтар жіберген болатын.
Есеп жүргізуге жауапты болып тағайындалған Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Айтжан Кишкинтаева біздің облыстың ғана емес, басқа да өңірлердің этномәдени бірлестіктерінен көп қаражат келіп түскенін атап өтті. Адамдар ақшалай қаражатты жеке бастарының, отбасыларының және еңбек ұжымдарының атынан мүмкіндіктерінше жіберіп отырды. Мектеп оқушылары мен жас балалардың көмек көрсеткені жанды жылытады.
- Барлығына және әрқайсысына бұл мәселеге немқұрайлы қарамағаны үшін жеке-жеке алғысымды білдіргім келеді, - дейді Айтжан Амангелдіқызы. - Әсіресе өз бетінше 100, 200, 300 теңгеден аударған кішкентай балаларға сүйсіндім. Бұл біздің келешек ұрпақты дұрыс тәрбиелеп келе жатқанымызды көрсетеді.