Chania
217
07.09.2022
Қостанайда жалпықазақстандық ашық диктант болып өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілетін жыл сайынғы іс-шара Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналды.

Диктантты Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, қоғамдық даму басқармасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.

Қатысушылар ретінде өзінің мемлекеттік тіл білімін тексергісі келген азаматтар  болды. Олар Л. Толстой атындағы облыстық кітапхана және Достық үйі алаңдарында диктант жазған болатын. Достық үйінде 20-дан астам адам, оның ішінде көбісі А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенттері өздерін тексеруге жиналды.

Тексерушілер атап өткендей, диктант жазушылардың мемлекеттік тілді білу деңгейі өте жоғары.