Chania
1110
28.03.2016
«Жаса, гүлдене бер, менің Қазақстаным!»

«Жаса, гүлдене бер, менің Қазақстаным!»атты Қостанай облыстық Достық Үйінде «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
концерт болып өтті.
Іс-шара басталар алдында шақырылған балалар үйі, мектеп-интернат тәрбиеленушілері, колледж оқушыларының назарына «Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы» атты бейнефильм ұсынылды. Содан соң этномәдени бірлестіктер ұжымдары шығармашылық өнерін - халық әндері мен ұлттық билері арқылы көрермендерге паш етті.
-2016 жыл айрықша оқиғаларымен маңызды. Бұл Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылы және осы жылы республикамыз бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы бастау алды. Бүгінгі концерт – бұл біздің үлкен отбасымызға, оның салт-дәстүріне, қағидаларына құрмет көрсету арқылы дінге сеніміміз әртүрлі болса да, қандай да бір этнос өкіліне жатсақ та, барша қазақстандықтарға біртүтас ел болып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге мүмкіндік береді. Қазақ жері тағдырдың тәлкегімен осында келіп тамыр жайған көп халық үшін Отаны болып табылады. Қазақта «Жолдасы көптің – олжасы көп» деген дана сөз бар, оған «Өзен суалып, таулар құласа да, халықтың достығы мәңгілік» деген  орыстың мақалы үндеседі. 17 миллион қазақстандықтардың достығы жылдан жылға нығая берсе екен! – дейді «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Каламқас Сандыбаева.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі