Қостанай қаласында “4 стихия" республикалық корей мәдениетінің фестивалі болып өтті.
Аталған іс-шараны Қостанай облысының корей қауымдастығы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырған болатын. Бастамашылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты - жастардың Корей мәдениетін зерттеуге құштарлығын ояту.
"4 стихияға" Нұр-сұлтан, Қарағанды, Павлодар, Петропавл және Рудный қалаларынан қатысушылар келіп қатысты. Екі күн бойы олар түрлі қызықты әрі танымдық алаңдарға барды. Осылайша, жер стихиясында денсаулыққа пайдалы тағам дайындау бойынша мастер-класс, су стихиясында – TһermaPark-қа саяхат, ауа стихиясында - корейлердің Қазақстанда тұруының 85-жылдығына және Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына арналған "Корейлердің Қазақстанның дамуына қосқан үлесі” халықаралық конференциясына қатысу болып өтті. Стихиялардың ішінде көрермендердің назарын аулаған ең жарқын және қызығы - от стихиясы ұсынған
"Солтүстік Кубогы: K-popidol.kst 2022» кавер-хореография байқауы болды. 9 команда екі сағат бойы сүйікті "айдолдарының” хореографиясын қайталау өнері және әртістік өнерлерімен жарысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша, Қостанай қаласының командасы – "Sky" тобы бұл сайыста үздік атанды. Барлық командаларға корей қауымдастығы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан естелік сыйлықтар мен сыяпаттар табысталды.