Chania
248
01.08.2022
"Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт"

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" бағдарламасы аясында облыстың аудан және қала орталықтарына кездесулер қарастырылған. Аналар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ тәжірибелі психологтар, медиаторлар және отбасылық қарым-қатынас бойынша жаттықтырушылар Федоров кентінде болып, отбасы институтын қолдауға және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған семинар өткізді.

Өткізілген тренингтермен қатар психологтар өз жұмысында жеке кеңес беру әдістерін қолданды.

Жақын арада облыстың басқа да өңірлеріне барып, психологиялық көмек көрсету және кеңес беру жоспарлануда.