Chania
313
01.07.2022
Қостанай облысының ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері «Сенімен Болашақ» дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты

        Қостанай облысының ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Ата-ана– ұлттың ұясы» атты дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты. Оның басты мақсаты – қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

«Сенімен Болашақ» РҚБ-ның негізін қалаушы Нұркен Асанов бірлестікті құрудағы негізгі мақсатын айтып, ұйымның бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстарына тоқталды. Ол өскелең ұрпақты еңбекке, ұлтшылдыққа тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында қоғамда ата-ана мәдениетін қалыптастыру, баланы жан-жақты дамыту үшін ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, бала құқығы, білімі, денсаулығы, қауіпсіздігі тақырыбындағы мәселелер қозғалды.