Облыстық Достық үйіне Грекия мен Румыниядан қонақтар келіп қуантты
Делегациялар Қостанай облысы ҚХА Аналар кеңесінің белсенділерімен, сондай-ақ, аймақ жастарымен кездесіп, мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру, инклюзивті ортаны дамыту бойынша жобаны бірлесе жүзеге асыру және осы салада тәжірибе алмасу үшін келген еді.
Қостанайға Крит университетінің (Грекия) өкілдері София Кутукакис және Манолис Захаракис, сондай-ақ Трансильвания университетінің оқытушылары (Брашов қ., Румыния) Мария Кристина Буларка және Ангела Репанович келді.
Кездесу аясында делегаттар үшін Достық үйі бойынша экскурсия өткізіліп, шағын концерт ұсынылды, онда қонақтар үшін қазақ және грек тілдерінде әндер шырқалып, қазақтың ұлттық биі орындалды.