«Жастар Ассамблеясы» жастар қозғалысының белсенділері өмірлік қиын жағдайға тап болған бүлдіршіндерге арналған бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арнап мерекелік ойын бағдарламасын ұсынды.
Мұндай қайырымдылық сапарлар Достық үйі үшін әдеттегі жағдайға айналып үлгергендей: қоғам белсенділері орталықтың кішкентай тұрғындары үшін барлық маңызды мерекелердің көңілді өтуіне өз үлестерін қосуда. Биыл балаларға Игринка, Веселинка, Шапокляк және өрт сөндіргіш Перки қонаққа келді.
Мерекені асыға күткен балалар сәнденіп, шаттанып, қонақтарды қуана-қуана қарсы алды. Игринка мен Веселинка балалармен асыр сап би биледі, сүйікті әндерін еске түсіріп, бірге шырқады. Ашық ауада ойындар да ойналды. Бірақ қу Шапокляк олардың ойындарына араласып, үнемі бұзақылық жасап, балаларды алдап түсірмекші болды. Тіпті өрт сөндіргіш балаларға жұмбақтар жасырғанда,ол дұрыс жауаптарды айтқызбай, кедергі жасады. Бірақ содан кейін ол мейірімсіз болудың жаман әдет екенін түсініп, балаларға жақсы, қайырымды боламын деп уәде берді.
Мереке соңында балаларды әзірбайжан, армян және неміс қауымдастықтарының атынан тәтті тосын сый күтіп тұрды - барлық қатысушыларға жемістер, шырындар, торттар және дәмді балмұздақтар табысталды.