31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Бұл күні этномәдени бірлестіктердің өкілдері дәстүр бойынша сұмдық саяси режим мен аштықтан қаза тапқан адамдарға арналған митингке қатысты.
Шара аясында Қостанай облысы кәріс қауымының мүшесі Ким Василиса Васильевна сөз сөйледі. Ол 1936 жылы Қиыр Шығыстан жер аударылған отбасының тарихын айтып берді. Василиса Васильевна өз сөзін қазақ жеріне деген ризашылығын білдіріп, Қазақстанды екінші Отаным деп атаған жеке шығарма өлеңімен аяқтады.
Миллиондаған қуғын-сүргін құрбандарының жазықсыз құрбандарын еске алып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.