Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлері жұмыс сапарымен облыстық орталыққа келіп кетті.
14 наурыз күні Балалар шығармашылығы үйінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, Орыс, славян және казактар ұйымдары ассоциациясының төраға орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Владимир Карпович Божко, Қызылорда қаласы оқушылар және жасөспірімдер үйінің директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, Қызылорда облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Наталья Жумадильдаева, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Шаймардан Нұрұмовтың, сондай-ақ облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ғылыми-сарапшылық топ, Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің қатысуымен «Мәңгілік Ел - болашағы біртұтас ұлттың рухани негізі» атты дөңгелек үстел өтті.
-Біздің Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, реформалар жетістігі – бұл бірлікке жол. Мен осы пікірді жалғастырғым келеді: бірлік – бұл бес институционалдық реформаны іске асыру жағдайы. Бірлік болмаған жерде еш нәтиже болмайды. Біздің елімізде халық достығы бар сондықтан Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың амандығы үшін қолайлы жағдай құру біздің күшімізде. Мен біздің елде шешілмеген мәселелер жоқ деп айта алмаймын. Олар бар, бірақ біз оларды шешуге мүмкіндігіміз бар, айтылған сынды дұрыс түсіну және бір бірімізге көмектесуге дайынбыз! – деп Божко атап көрсетті.
- Біздің халықты толғандыратын, шешілмей жатқан мәселелерді білу және ҚХА хатшылығына жеткізу, оларды бірге шешу арқылы түпкі нәтижеге қол жеткізу үшін Қостанайға келдік, - деп Қызылорда облысынан депутаттыққа үміткер Наталья Жұмаділдаева айтып өтті.
Қостанайлықтар үміткерлерге өңірлік Ассамблеяның өткізетін іс-шараларына жиі қатысуды және жергілікті жердегі өткізіліп жүрген жұмыстың маңызын түсінуге көмектеседі деген ұсыныс білдірді. Облыстық ҚХА ғылыми-сараппшылық топ төрағасы Әлімжан бекмағамбетов ғылыми жұмыстар мен жобаларды жүргізуге мемлекеттік гранттарды көбірек бөлу мәселесін көтерді.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ҚММ баспасөз қызметі