Мереке қарсаңындағы қызықтар
Балаларды қорғау күніне орай облыстық Аналар кеңесі көпбалалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге «Лагуна» аквапаркінде мерекелік жүзу жарысын ұйымдастырды.
Бес түрлі мектепте оқитын 5-6 сынып оқушыларының қатарынан 20 бүлдіршін бассейнде көңілді уақыт өткізді. Облыстық Аналар кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы «Лагуна» аквапаркінің басшылығына ықыластығы үшін алғыс білдіреді.