Бұл туралы облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Мұхамбетов Архимед Бегежанұлы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXX сессиясында атап өтті.
Ол негізгі үш басымдылыққа негізделген:
Біріншісі - ҚХА-ның саяси реформаларды жүзеге асырудағы рөлін күшейту;
Екіншісі - ҚХА-ның ақпараттық жұмысын күшейту және қоғамдық әлеуетін жандандыру;
Үшіншісі - құқық қорғау қызметін күшейту.
Сонымен қатар, облыс әкімі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына азаматтық қоғамды жүйелі түрде қайта жаңғыртуға белсенді қатысу, референдумның маңызын, сондай-ақ жаңа Қазақстанның құндылықтарын іске асыру және түсіндіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Сессия қорытындысы бойынша облыс әкімі этносаралық келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін барлық этномәдени бірлестіктерге алғысын білдірді.