Соғыс батырларына деген зор құрметпен
Қостанай облысы этномәдени қауымдастықтарының жастары ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін келе жатқан Жеңіс Күнімен құттықтады.
«Ассамблея жастары» жастар қозғалысының белсенділері, жастар қанаттарының мүшелері және Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері бүгін ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және балалық шағы соғыста өткен адамдарға барып қайтты.
Батырларымызға құр қолдарымен келмей, олардың әрқайсысына үлкен азық-түлік жиынтықтары, гүлдер мен хаттар табысталды. Ол хаттардың өзі жай хат емес, соғыстан аман сау қайтқан жандарға қостанайлықтардың білдірген ризашылығы еді. Осы кездесудің алдында жастар қанаты «Жеңіс сарбазына хат» акциясын өткізіп, қала тұрғындарының ардагерлерге арнаған жылы лебіздерін жаздыртып, жинап қойған.
Барлық хаттар өз адресаттарына жетті.