«Жеңіс сарбазына хат» акциясы: қаһарманға сәлемімізді жеткізу
Облыс орталығының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қала тұрғындарының ризышылықтары мен тілектері жазылған хаттарын алды.
Акцияның ұйымдастырушылары Қостанай облысы ҚХА жастар қанаты болды. Іс-шара екі кезең бойынша өтті. Этномәдени қауымдастықтардың жастар қанаттарының өкілдері Қостанай қаласының көшелеріне шығып, тұрғындарға ардагерлерге хат жазуды ұсынды. Адамдар майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне өздерінің жылы лебіздерін хатпен жазып жіберді. Бүгін бұл хаттар сарбаздарға арналған үшбұрыш хат түрінде адресаттарға жеткізілді.