Chania
253
01.05.2022
ЭТНОквест: 7 топ, 7 қатысушы, 7 станция

ЭТНОквест: 7 топ, 7 қатысушы, 7 станция

Қазақстан халқы Ассамблеясы Бірлік күнінде алғашқы рет қостанайлықтарға жай ғана концерт тамашалап, жәрмеңкеге барғаннан бөлек, қызықты ЭТНОквестке қатысып көруді ұсынды.

Бұл жай ғана қызықты ойын ғана емес, Қазақстанда тұрып жатқан сан түрлі этностардың мәдениетінің, тарихының, тілдерінің, салт-дәстүрлерінің алуан түрлілігімен танысып көру мүмкіндігі болды.

Бей жай қалмаған қостанайлықтардың қатарынан 7 адамнан тұратын 7 топ алдын-ала құралған болатын. ЭТНОквест басталуын сахна төрінен жүргізушілер – Евгений Сотников и Шерхан Нұрханұлы хабарлады. Топ капитандарына бағыттама парақтарын таратып, оларға сәттілік тіледі. Қатысушылар 7 кезеңнен өтуге тиіс болды. Әр кезеңде оларды түрлі этностардың мәдениеті, тарихы, өмірі, салт-дәстүрлері туралы сұрақтар мен жұмбақтар, ойжұмбақтар, практикалық тапсырмалар мен спорттық жарыстар күтіп тұрды.

Осылайша, «Музыкалық» станцияда қатысушылар дыбыс бойынша музыкалық аспапты ойлап тауып, «Әдемі өрімдер» станциясында бүкіл топ болып қосылып ұзын ленталардан өрім жасау керек болды. «Кітап сүйгіштер» станциясында қатысушылар «Не? Қайда? Қашан?» ойынынан алынған сұрақтарға жауап беріп, «Спорттық» станциясында балуанмен күресіп, кір көтеріп, скакалкамен секірді. «Этнографиялық» станцияда қуыршақтың киіміне қарап, оның ұлтын табу қажет болды. Ал «Кілемшілер» станциясында қатысушылар кілем тоқу өнерімен жарысты. «Шәй рәсімі» станциясы оларды шәйді дұрыс құю ережелеріне үйретті.

Квест нәтижесі бойынша үш топ бірдей балл санын жинап, олардың ішінде тек бір топ қана тапсырмаларды басқаларынан бұрын жылдамырақ орындағаны үшін жеңімпаз атанды.

Алайда Қазақстан халқы Ассамблеясы осындай атаулы мереке күні ешкімді тыс қалдырмай, қызықты ЭТНОквест жайлы естелік ретінде барлық қатысушыларға өз сыйлықтарын табыстады.