2016 жылдың 1 наурызында сағ.11.00 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Мемлекет басшысының қатысуымен Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шара аясында Алғыс айту күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» – «Память во имя будущего» экспозициясы өз жұмысын бастады.
2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Қазақстанда Алғыс айту күні деп бекітті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ҚХА-ның XXII сессиясында, қазіргі Қазақстанды мекендеген этностық топтардың ортақ тарихи тағдыры халықтың ділінде, өмірге деген көзқарастары мен ұмтылыстарында жағымды көрініс тапты, барлық этностарға бірдей ортақ құндылықтар мен идеалдарды қалыптастырды, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Алғыс айту күні – бұл, алдымен бейбітшілік пен келісім саясатының нәтижесінде еліміздің ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан еліміз үшін Президентімізге шынайы алғысымыз бен ыстық ықыласымыздың белгісі.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.