Chania
1230
01.03.2016
Алғыс күніндегі телекөпірі!

1 наурыз күні Қостанайда көрмелер ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар сонымен қатар бірнеше өңірлерде байланыстырған телекөпір өткізілді.
Достық үйі биыл өзінің 10 жылдығын атап өтпек, осы атаулы күні Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов алғаш рет болды.
Архимед Бегежанұлы барлық этномәдени бірлестіктерде болып, қауымдастықтың төрағаларымен танысып, қандай жұмыс жүріп жатқандығын және туындаған мәселелері жайында сұрастырды. Достық үйінде қатарынан үш көрме жұмыс істеді– кітап, «Ассамблея тұлғалары» фото көрмесі және «Менің отбасымның тарихы елімнің тарихында».   Онда атақты қостанайлық отбасыларында сақталған сирек кездесетін заттар, ретро-фотолар ұсынылды. Экспонаттар арасында бұрынғы КСК директоры Шәміл Капкаевтың  көне көпес самауырыны, Федоров ауданында тұратын Финкиз дәрігерлер отбасында сақталған 1893 жылғы неміс үрме сырнайы,  Бостандық аралынан Карлос Мануэль Льянес Равенеау әкелген кубиндік дабылдар, маракстар және сабаннан жасалған қалпақ – сомбреро көзге түсті. 
-Бұл көрме ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай көп ұлттық Қазақстан тарихын көрсетеді. Көрме 1 наурыз аясында екінші рет өтіп жатыр. Биылғы жылы біз бұл күні Ассамблеяның туған күнін ғана емес, сондай-ақ биылғы жылдан бастап Алғыс айту күні ретінде мерекелейтін боламыз деп облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Г. Құдайқұлова атап кетті.
- Концерттік бағдарлама тек Достық үйінде ғана емес, сондай-ақ Қостанай қаласының сити-орталығында Қостанай қаласы әкімі қатысуымен өтті. Ол жұртшылықты осы мерекемен құттықтап, Қазақстанға қуын түсірген жылдары неміс, поляк, кәріс, Солтүстік Кавказ халықтарының жер жер аударылғандығын атап кетті. – Оларды қазақ халқы қарсы алып, бір үзім нанымен бөлісті.
Өздерінің алғыс тілек сөздерімен сити-орталығында «Шарқ» тәжік-өзбек ЭМБ төрағасы Э. Холметов, кәріс қауымдастығының жастар қанатының көш басшысы Марина Лян және «Бирлик» ЭМБ жастар қанатының көш басшысы Зульфия Набиева бөлісті.
Негізгі іс-шаралармен қатар Л. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қарағанды, Набережные Челны және қазан өкілдерімен Алғыс айту күніне арналған телекөпір өтті. Қостанайлықтар қарағандылықтармен бірлесіп Татарстанның өкілдеріне жаңа мереке, олардың бастауы туралы әңгімелеп берді.  Диалогқа Қазан мен Набережные Челны  өкілдері қатыстырылды. Қатысушылар достық, жақсылық және қайырымдылық туралы өз туған тілдерінде өлең оқыды. Қостанайлықтар өз кезегінде оларға Ұлы Абайдың тілінде бірнеше өлең сыйлады.
Сондай-ақ Алғыс айту күні қарсанында Достық үйінің этномәдени бірлестіктері облыстық балалар үйінде қайырымдылық концертің өткізіп, тәтті сый сыйапаттарды мекеме тәрбиеленушілеріне ұсынды.


«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі