Бүгін баршамыз үшін Елбасы жариялаған ерекше мәні бар Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызда мерекеленетін Алғыс айту күні.
Мейірімділік пен сүйіспеншіліктің жарқын мерекесі болған Алғыс айту күні қазақстандықтарды одан әрі жақындастыра түсті. Алғыс айту күні елімізге жер аударылған түрлі этностар өкілдерінің құтты қонысына қасиетті қазақ жері мен қазақ халқына терең тағзым белгісі.
Бұл күні біз барлық этнос өкілдеріне Қазақстанның гүлденуіне және елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтып, ризашылығымызды білдіреміз!
Құрметті достар, мереке құтты болсын, мықты денсаулық, бақуатты өмір және құт-береке тілейміз!
Қостанай облысы әкімдігінің
«Қоғамдық келісім» КММ
басшысы К. Сандыбаева