Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі Владимир Гершун Қостанайда жақсылық, татулық, бірлік және мейірімділіктің тамаша мерекесі – Алғыс айту күніне арналған ескерткіш жасап орнату жөнінде бастама көтерді.
Өңірдің қоғам қайраткері өз идеясын А. Байтұрсынов атындағы КМУ-де жоғары оқу орнының оқытушылары, студенттер, студенттік Ассамблея белсенділері және «Мәңгілік Ел» клубының мүшелері қатысуымен өткізілген көшпелі ғылыми-сарапштіылық топ отырысында ұсынды.
- Ескерткішті «Дала қазағының ақ жүрегі» деген атауды ұсынамын. Бұл кездейсоқтық емес: Қазақстан тарихының қайғылы оқиғалары мыңдаған қуғын-сүргінге, жер аударуға ұшыраған отбасыларына толы. Бұл адам тағдырлары қараусыз қалдырылған болса да, қонақжай қазақ халқы жат адамдар қайғысына ортақтасып шексіз адамгершілік жылуымен үйіне кіргізіп бір үзім нанымен бөлісті. Далада өскен қазақ халқының қасиеті мұқтаж адамдарға қол ұшын беру. Көп этнос өкілдері қасиетті қазақ елінде өзінің екінші отанын тапты және әрқайсысы қанша ұрпақ ауысса да осыны жадында сақтайтын болады. Ендеше біз байырғы халыққа құрмет көрсетіп, облыс орталығында үлкен ескерткіш орнатсақ құп болар еді. Осындай ескерткіштер мен даталар арқылы біз жастарға өз отанына деген патриоттық сезімін сіңіріп, тәрбиелеуміз керек!- деп атап айтты В. Гершун.
Әріптес ұсынысын ҒСТ мүшелері бірауыздан қолдап, оның маңыздылығын атап өтті. Жуық арада ҒСТ құрамы Алғыс айту күні символы – ескерткіш орнату жайында облыс әкімінен көмек сұрайтын болады.
Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі