«Асар» украин және белорус-балтық жағасы қауымдастығы Наурыз мейрамы қарсаңында жалғыз басты зейнеткерлерге барып шықты.
Мереке алдындағы бұл кездесу Қоғамдық даму басқармасы әзірлеген жоспарға сәйкес «День уважения» - «Құрмет күні» аясында ұйымдастырылды.
Жалғыз басты, өздері ғана тұратын зейнеткерлерге барып, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап келуге қалалық мәслихат депутаты, белорус-балтық жағасы қауымдастығының өкілі Евгений Сотников және украиналық ЭМҚ жастар қанаты – Денис Тесленко мен Екатерина Усова шешім қабылдаған еді.
Балалар белгіленген мекен-жайларға барып, ата – әжелерге Наурыздың дәстүрлі тағамы – бауырсақ пен шай тәттілерін табыстады. Алайда қарттарға қажетті сый – ол біздердің назарымыз бен жылы көзқарасымыз. Өз қатарынан олар баталарын айтып, зор алғыстарын білдірді.