Chania
283
17.03.2022
"Этномедиация" және "кибербуллинг"дегеніміз не?


Облыстық медиация кеңесінің мүшелері №7 ОМ оқушыларына осы терминдерді түсінуді үйретті.
Ағымды жылдың 16 наурыз  күні  Қостанай қаласының №7 мектебінде «Медиация: мектеп оқушылары арасында қақтығыстарды шешу амалдары» тақырыбында 5 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Бастауыш сыныптан ортаңғы буынға қадам басқан бүлдіршіндер үшін аталған тақырып өзекті мәселе. Араласу ортасы кеңейіп, сыныптастар арасында түсінбеушілік арқасында көптеген шиленістер туындап, кей жағдайда ата- аналар арасында дау-дамайға жететін кездердің куәсі болатынымыз да бар. Осындай жағымсыз жайттардың алдын алуда медиацияның берері көп. Кездесудің спикері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кеңесінің мүшесі Латыпова Гүлнара Талғатқызы болды. Талқылаған мәселелердің  ішінде медиация: мектеп оқушылары арасында қақтығыстарды шешу амалдары, мектеп этномедиациясы, кибербуллинг  туралы  сөз  қозғалды. Кездесу барысында балалар көптеген жағдаяттарды талдап,өздерінің белсенділіктерін танытты. Қазіргі таңда медиация оның ішінде этномедиация жайлы көп айтылып келеді. Кездесудің басты мақсаты осы мәселені балаларға кеңінен түсіндіріп, кез келген мәселені сотқа жеткізбей өз араларында шешу жолдары бар екені жөнінде айтылды. Іс шара соңында кейстерді талқылауда белсенділік танытқан балалар сертификаттарға ие болды. Медиация тақырыбында кездесулер ары қарай жалғасын табатын болады.