Chania
1000
24.02.2016
Рудный студенттерімен кездесу

Облыстық ҚХА, Қоғамдық келісім өкілдерінің қатысуымен Рудный индустриалдық институтында (РИИ) «Қоғамдық келісімді және Бірыңғай Болашақ Ұлтың қалыптастырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық корпусының ролі» атты дөңгелек стол облыстық Қоғамдық келісім, ОҚХА өкілдерінің қатысуымен өтті. Кездесуге оқытушылар, студенттер және БАҚ өкілдері шақырылды. Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Алғыс айту күніне арналған.
Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ҚХА мүшесі, ғылыми-сараптама тобының мүшесі Бағытұр Дандыбаев сөз сөйледі.
Мәжіліске ҚХА-нан депутаттарды сайлау өте дұрыс және оңды шешім,  өйткені бұл халықтың қалаулысы барлық өкілдердің қажеттілігін және халық арманың білдіреді, ал бұл Қазақстанда тұратын 100 этностан артық халық. Өткен шақырылымның депутаттары Халмурадов, Ахмадиев, Алиев, Тимощенко, Мурадов, Нестерова және басқалар, олар демография, мәдениет, жеңіл өңеркәсіп, құрылыс индустриясы, баға белгіленімі саласында өзекті және маңызды мәселерді шешуге белсенді қатысты. Біздің еліміз ерекше! Біздің халықтың бірегейлігі барлық жақтан көрінеді. Бізде мешітті салуға тек байырығы халық емес, сондай-ақ өзге этнос өкілдері демеушілік көмектерін белсенді беруде. Бұл өзге діни құрылыстарға да қатысты. Шіркеулер де мұсылмандардың құрмалдықтарына және қаражаттарына салынуда. Бізде тұрып жатқан халықтар өзге ұлт өкілдерінің тілдерін сүйіспеншілікпен оқуда.  Мысалға Қостанай қаласындағы тілдерді оқыту орталығын  алсақ, онда кез келген азамат азербайжан, армян, татар, кәріс, поляк, неміс, украин тілдерін тегін оқуға мүмкінідігі бар деп, - Бағытұр Әлімбайұлы айтып кетті.                      Б. Дандыбаев тыңдаушыларға сондай-ақ Алғыс айту күні туралы айтып кетті. Ол студенттерді бұл күні жақсы істер жасасын деп шақырды. Бағытұр Әлімбайұлы жастарға 1 наурыз шеңберінде аға ұрпаққа құрмет көрсетуді ұсынды: ҰОС ардагерлеріне, жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлерге – жөндеу жұмыстарын өткізу, аулады қарды тазалап беру, азық-түлікке барып келу. Ол қайырымдылық концерттерін балалар үйінде және интернаттарда өткізу ойымен бөлісті.

«Қостанай облысы әкімідігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі