Алғыс айту күніне арналған мерекелік бағдарлама «Жастар сарайында» болып өтті.
Бағдарламаның ең қызығы - театрланған прологта сахна төріне кәсіби актерлер емес, күнде өз өмірін тәуекелге қиып, өзгелердің өмірін құтқаратын қарапайым адамдардың шығуы болды. Дәрігер, полицей, өрт сөндіруші, волонтер… Олардың әрқайсысына айтылар жылы сөз табылды.
Жарқын тақырыптық бағдарлама Шамиль Фахрутдиновтың басшылығындағы «Карнавал» би мектебімен бірге ұйымдастырылды. Сахнада орыс, корей, кавказ билері көрсетіліп, жантебірентерлік патриоттық әндер шырқалды.
Марапаттау да болды.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы бір ай бойы студенттер мен жастар арасында бейнероликтер байқауын өткізген болатын. Қатысушыларға төрт номинация бойынша бейнесюжет жасап шығару ұсынылды.
«Алғыстың шегі жоқ» номинациясында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің командасы жеңімпаз атанды.
«Ұлы дала - қуғынға ұшыраған халықтардың панасы» номинациясының жеңімпазы ЧелМУ студенті Валерия Чупик болды.
А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ журналистика факультетінің 3 курс студенттері Валерия Соколовская мен Лариса Божко «Бір фотосурет тарихы» номинациясында үздік деп танылды.
Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенті Виталий Гурскийдің жұмысы «Қайырымдылық» номинациясы бойынша марапатталды.
Барлық жеңімпаздарға Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан дипломдар мен сыйлықтар табысталды.