Жылы киімдер мен сыртқы киімге толы газельды белорус-балтық жағасы қауымдастығының белсенділері Федоров ауданының Ленино ауылына жіберді.
Қоғамшылдарға бұл межелі орынға баруға “Прометей” қозғалысының волонтерлері ой салды. Көмекті ұйымдастыруды және жеткізуді бойында белорус қаны бар белгілі жүргізуші Евгений Сотников өз қолына алды.
- Бұл біреуден қалған ескі киімдер емес, адамдарға нағыз қажетті заттар, - дейді Евгений. - Оларды сол мекеннің волонтерлері жәрмеңкеде адамарға таратып береді. Тегін ұсынылған көлік үшін "Фортуна-Мед" ЖШС басшысы Александр Мацкевичке айрықша алғыс білдіргіміз келеді.