Кездесу ZOOM интернет платформасы құралдары арқылы онлайн форматта өтті. Жиналыстың негізгі тақырыбы қаңтардағы мәселелер тұрғысынан туындаған Президент Қ. -Ж. Тоқаевтың тапсырыстары бойынша ҒСТ жаңа міндеттері болды.
-Қазіргі таңда ҒСТ құрамында 28 адам, оның ішінде 8 ғылым докторлары, 12 ғылым кандидаттары, 6 магистр, 2 сарапшы. Бұлар А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, ЧелМУ, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасының ІІМ Академиясы өкілдері, - деп атап өтті ҒСТ төрағасы Денис Качеев.-ККО негізгі міндеттері: Қостанай облысының этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессионалды даму тенденцияларын кешенді сараптамалық бағалау, этносаясаттың өзекті бағыттары бойынша Қостанай қ. ҚХА жұмысына ғылыми-сараптау жүргізу, этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды үйлестіру болып табылады.
Жиналыс барысында жоспарланып отырған қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150-жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу, монография жариялау және «Әр түрлі елдерден келген мигранттар - этникалық қазақтардың тарихи туған жерінде бейімделу жағдайы мен проблемалары» мен «Қостанай облысы этникалық құрамына ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы халықтың қоныс аудару процесстерінің ықпалы» тақырыптарындағы зерттеу жұмысын талқылау жүргізілді.
Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу тобының құрамын қайта қарастыру шешімі қабылданды және ҒСТ құрамына Қостанай облысынан мамандарды шақыру туралы ұсыныс келіп түсті, ұжымдық монографияның презентациясын ЧелМУ Қостанай филиалының базасында өткізу жөніндегі ұсыныс қабылданды.
__________________