Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚАЙҒЫЛЫ ҚАҢТАР» САБАҚТАРЫ: ҚОҒАМНЫҢ БІРЛІГІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ» тақырыбында сөйлеген сөзі Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңінде орын алған ең қауіпті дағдарыстың қорытындысын айқындап, әрбір азаматты толғандыратын ең өзекті сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Мемлекет басшысының сөзінде мемлекеттік билік, қоғам және бизнес институттары үшін тұтас іс-қимыл стратегиясы айқындалған. Ел Президентімен теңдессіз шаралар белгіленді. Алайда, оларға қол жеткізу қоғамымыздағы келісім мен бірлікті көзіміздің қарашығындай сақтау арқылы ғана мүмкін болмақ.
Басты мақсат – күш-жігерімізді біріктіріп бар қиындықтарды еңсеру және қуатты Тәуелсіз Қазақстанды құру. Ол үшін халықтың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі нақты міндеттерді іске асыру белгіленген.
Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруда мемлекеттік аппараттың тиімді қызметі мен барша қазақстандықтардың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне белсене атсалысуына маңызды әрі жауапты рөл артылып отыр.
Ең бастысы – Мемлекет басшысы халыққа қасіретті жағдай артта қалып, бұзылған тәртіп пен қираған нысандарды қалпына келтіру жұмыстары алда тұр деп сендірді. Бұл қазіргі жағдайда қазақстандықтарға өте қажет тыныштық сезімін ұялатты және ертеңгі күнге деген сенімді арттырды.
Жалпы, ел Президентінің баяндамасында мемлекеттік құрылым, қоғамымыздың экономикалық және әлеуметтік өміріне қатысты мәселелердің барлығы қамтылған. Бұл шараларды іске асыру Қазақстан дамуында және елді жаңғыртуда жаңа кезеңінің басталуын білдіреді.
Құрметті қазақстандықтар!
Мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік болып табылады, біз оларды сақтауға және тыныштығымыз бен берекемізді бұзуға тырысқандардың бәріне тойтарыс беруіміз қажет.
Ел Президенті: «Біздің елге қарсы террористік соғысты бастауға әрекет жасалды. Қоғамымыздың біртұтастығын әдістемелік түрде, сондай‑ақ кәсіби әзірленген сценарийлерге сәйкес наразылық акциялары арқылы да бұзуға тырысты. Бұл әрекеттердің ішінде Жамбыл облысындағы тәртіпсіздіктер, этносаралық негізде түрлі арандатулар және басқа да қақтығыстар бар». Бірақ біздің халқымыз бұл дағдарысты, ең алдымен, Мемлекет басшысының батыл да сарабдал және сындарлы іс-қимылының арқасында табандылықпен еңсерді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынылған шараларды толық қолдайды және ел азаматтарын монолитті түрде біздің Президентіміздің айналасына топтасуға және барлық белгіленген реформаларды бірлесіп іске асыруға шақырады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі