2016 жылғы 10 ақпанда Рудный индустриалдық институтында жастар саясаты қызметінің бастамасымен студенттер Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі Қ.Х. Жақып, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары А.Қ. Қожахметов, қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері Р.Т. Дельмухаметов және Ж.М.Акпасовпен кездесті.
Кездесу басталар алдында Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы қысқа метражды бейнефильм көрсетілді.
Мақсаты - өңірдегі лаңкестік және экстремизмнің алдын алу және болдырмау болып табылатын іс-шара барысында «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі» және «Экстремистік және лаңкестік іс-әрекетерге қылмыстық-құқықтық қарсы тұру шаралары» атты мәселелер талқыланды.
Сөз алғандар оңтүстік өңірлерден келіп, «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша институтқа түскен бірінші курс студенттеріне Ассамблеяның қоғамдық келісімді нығайтуы, облыстық этномәдени бірлестіктерінің қайырымдылық шараларына атсалысуы, экстремистік және лаңкестік іс-әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы әңгімелеп берді.
-Сіздерге мұнда жақсы оқып, тұруға барлық жағдай жасалған, сондықтан да сіздер, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасындағы бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтап, одан әрі нығайтуға аса жауапкершілікпен үлес қосады деп сенемін, - деп атап өтті Қ.Х. Жақып.
Қостанай облысы әкімдігінің
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі