Chania
277
16.12.2021
Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы: «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – бұл біздің ата-бабаларымыз бен батырларымыздың жанқиярлық ерлігімен келген ең басты игілік.

Құрметті қостанайлықтар!
Биыл біздің қайта жаңғырған мемлекетіміз үшін ерекше жыл: біз мерейлі мереке – халқымыз ғасырлар бойы аңсаған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтудеміз. 


Еліміз тәуелсіздік жылдарында талай жетістіктерге қол жеткізді, бүгінде билік пен қоғамның саналы ынтымақтастығын бекіте отырып, жарқын болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді.
Біз бейбітшілік пен келісімнің бірегей үлгісін қалыптастырдық. Татулық пен достықтың қара шаңырағы - Қазақстан халқы Ассамблеясы  барлық этностардың басын қосып, өзара ынтымақтастығын үйлестіруде. Ең бастысы - біз адалдық пен бірлікті ту ететін  қоғам құрудамыз, әрбір азамат «Мен - қазақстандықпын, бұл менің Отаным, мен мұнда өз бақытымды табамын!» деген сөздерді зор мақтанышпен айта алады.
Қазақстан - тарихы терең, мәдениеті бай.  Қазақстандағы рухани келісім мен әлеуметтік тыныштық - еліміздің кемел келешегінің кепілі. Өскелең ұрпақ Мәңгілік елімізді өркендету үшін аянбай тер төгіп, аға буынның Тәуелсіздік жолындағы ерен ерлігі мен елеулі еңбегін есте сақтап қана қоймай, ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді деген сенімдеміз. 


Құрметті жерлестер, баршаңызды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтай отырып,  зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, бейбітшілік пен келісім жасасын! 

Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері