Chania
971
28.01.2016
ЭКСПО-2017 көрмесі туралы

Қостанай қаласының  Достық үйінде ағымдағы жылғы 26 қаңтарда этномәдени бірлестіктер өкілдері, облыстық ҚХА хатшылығы, Қостанай облысы әкімдігінің  «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен  Астанада өтетін ЭКСПО-2017 жөнінде «Best kz» Туризмді құру орталығы директоры Гүлмира Қапеновамен кездесу өткізді.
Туристік орталық басшысы жиналғандар алдында халықаралық көрменің Қазақстан үшін рөлін айта келе, «Көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрме  2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында  100 қатысушы мемлекет пен 10 халықаралық ұйымдарды қабылдайтын болады. Әлемдік  мамандандырылған көрмеде қатысушы елдер жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жетістіктері мен болашағын  және экологиялық тазалықтың, пайдаланудың төменгі құны мен қоршаған орта үшін зиянсыздығы сияқты артықшылығын көрсетеді.
Жақын және алыс шет елдерден келген туристер көрмеден басқа еліміздің солтүстік облыстары бойынша көрікті жерлерімен және турист бағыттарымен танысып, демала алады. Сондай-ақ Қостанай облысы да сондай орындарға жатады. Наурызым қорығы бойынша экотуризм бағыты әзірленді, келген қонақтар аймақтың табиғатымен және жануарлар әлемінің түрлерін көре алады. Еуропа, Қытай және тағы да басқа елдерден келген туристер Торғай өңіріне әсіресе қызығушылығын білдіреді, осы өңірде ат үстінде, арбада жүруге, балық аулап, жергілікті ұлттық ас үйдің дәмін татуға болады. Осы іс-шара қазақстандықтар үшін танымдық қана емес, сондай-ақ қосымша табыс табуға мүмкіндік береді: сувенирлерді және зергерлік бұйымдарды, қолданбалы өнер бұйымдарын және турист топтары және басқаларын алып жүретін қытай және басқа да тілді меңгеретін жергілікті жолнұсқаларының қызметтері. 2-3 млн адам келеді деп күтілуде, оларға 5 мыңнан астам мәдени-бұқаралық іс-шаралар көрсетіледі, соның ішінде классикалық, эстрада, фольклорлық музыка, концерттер, театр көріністері және спорттық іс-шаралар. Көрмеге 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейін ақша төлеп қарап шығуға болады»,-деп атап өтті. 
Іс-шара соңында Г. А. Капенова қатысушылар қойған сұрақтарға жауап берді.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз-қызметі