Chania
1214
12.02.2016
ҚХА «Қайырымдылық керуені» акциясы

12 ақпан күні «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында ҚХА «Қайырымдылық керуені» жалпы ұлттық қайырымдылық акциясының ашылуы өтті.

Бұл акцияның нышан-айғағы барлық облысты қамтитың арнайы дәстүрлі қоржын болды, ол былтыр қараша айында бірінші республикалық меценаттар және донорлар қайырымдылық съезінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне табыс етілген болатын. Қазіргі уақытта қоржын жақсы істермен толықтырылады, оның қорытындысы 16 желтоқсан қарсаңында өткізіледі.
- Бұл масштабты жоба қазақстандық бірегейлікті, қоғамдық келісім және жалпы ұлттық бірлікті  нығайтуға көмектеседі! Акция ҚХА «Қайырымдылық арқылы бірлік», «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» және «ҚХА: 20 игі ісі!» эстафетасы жетістікті жобаларының жалғасы болмақ. Қазіргі таңда қайырымдылық ерекше мағынаға ие! Біздің елдің барлық қазақстандықтарының жылы жүректерінен жақсылық, сенімділік, қайырымдылық, жалпы халықтық келісім атмосферасы  қалыптасуда. Өз азаматтарын ойлап, тұрғындарына қолдау және көмек көрсетіп отырған ел өзінің Тәуелсіздік туын жоғары көтеріп жүре алады деп, - облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова айтып кетті. 
- Рақымдылық және қайырымдылық – біздің бірыңғай еліміздің басты ерекшелігі, ол ізгілікті көптеген қиындықтар және сынақтар арқылы алып келді. Осыдан ғасырлық, жоғары идеялы, жергілікті халықтың ежелгі мирасқорлығы көрінеді. Бізде жақсы адамдар көп екені қуантады. Мысалға, А.Байтұрсынов атындағы КМУ программалаушы-студенттері «Жақсылық картасы» (www.kartadobra.kz) сайтын құру және әзірлеу туралы өздерінің ықыластарымен біздің Кеңеске келді, оның ұраны «Бірге жақсылық жасайық!» деп аталады.  Осы сайтта әр мұқтаж адам өзінің туындаған мәселесін жаза алады, көмек көрсеткісі келген азаматтар өз қол ұшын беріп отыратын болады. Интернет-порталы жақын уақытта жұмыс жасайтын болады және өзінің көмегін көрсетеді деп үміттенеміз деп, - ОҚХА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Лилия Саркисян айтып кетті.
Осы іс-шараға басқарма басшылары, Аналар кеңесінің мүшелері, Қоғамдық келісім кеңестері, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, студенттер, оқушылар, БАҚ өкілдері қатысты.


«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі