Облыстық Достық үйінің шығармашылық тобы Рудный және Федоров аудандарының қарт және мүгедектер интернат-үйіне қонаққа барып қайтты.
Концерттік бағдарлама Этностардың мәдениет күні, «Үлкен ел-үлкен отбасы» республикалық жоба шеңберінде және қазақстандық қоғамда этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға мүмкіндік туғызу үшін ұйымдастырылды.
- Осы жобаны біз екінші жыл өткізіп жатырмыз, бұрын ол «Достық керуені» болып аталған еді, - деп «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Зульфия Набиева айтты. – Былтырлары концерттік бағдарламалармен аудандарға шығып Мәдениет үйлерінде концерт ұйымдастырсақ, биыл мақсатты аудиторияны өзгертуді және бірқатар қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруды шештік. Бірінші концертімізді Астана күніне арнап қостанайлық мәдениет және демалыс саябағының сахнасында өткіздік. Содан Рудный, Федоров аудандарына шығып, этномәдени бірлестіктердің белсенділері өз өнерлерін көрсетті.
Интернат-үйінің акт залындағы қалып жылы және тату болды. Рудный, Федоров аудандарының көрермендері әртістерге қол соғып қошеметтеп, өткізілген жарыстарға белсенді қатысып отырды.
- Қай тілде өлең айтылып жатса да, түсініп жылы қабылдағаны жанға жайлы, - деп облыстық Достық үйінің музыкалық жетекшісі Светлана Обухова айтып кетті. Өлеңнің жан тілі бар, және оны біз көрермендерге жеткізуге тырыстық. Биыл Достық үйінде «АНК» және «Вольница» деген екі вокалдық ұжым құрылды, оған түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері кірді.
Көрермендер таныс әуенді естіп қалса, әртістерге қосыла әнді айта бастап отырды. Бір сағаттық концерттен кейін,тыңдаушылар, Достық үйінің шығармашылық тобына Қарттар күніне орай қайта келуін өтінді. Бұл тілектері әрине орындалатын болады.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі