Қостанайлық поляктарға қуғын-сүргіннің басталғанына 85 жыл толуына орай естелік белгілер табыс етілді.
Қазақстандағы Поляктар одағы Польша Республикасының Нұр-Сұлтандағы Елшілігінің қолдауымен Украина жеріндегі поляктардың Қазақ еліне еріксіз қоныс аударғанына 85 жыл толуына орай іс-шара ұйымдастырды.
Поляктар одағы тарихта болған қайғылы оқиға ұмыт қалмас үшін естелік белгі жасады, сондай-ақ, қауымдастықтың аға буын өкілдеріне және белсенді мүшелеріне қаржылай көмек көрсетті, ақшалай сыйақылар мен азық-түлік жиынтықтарын ұсынды.
«Мұндай белгі қауымдастық мүшелеріне және осы тақырып аясында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, еңбектерін жариялап жүрген А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Легкий Дмитрий Максимовичке табысталды», - деді «Nadzieja» поляк қауымдастығының төрағасы Виктор Радомский.